jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Қазақстан – жауынгерлердің отаны": UFC Шавкат Рахмонов туралы фильм түсірді

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC промоушені YouTube желісіндегі ресми арнасында қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) пен ирландиялық Иэн Гэрри (15-0) арасындағы жекпе-жекке арналған арнайы фильмін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    UFC таспалаған бұл фильмде қос спортшының дайындық барысынан үзінділер мен алдағы жекпе-жекке қатысты пікірлері берілген. Бұл фильмнен екі файтердің психологиялық және физикалық дайындығын көруге болады.

    "Соңғы жылдары Қазақстан әлемдік деңгейдегі жауынгерлердің отанына айналды. Осы таулы аймақтан бірнеше талант шықты. Соның бірі UFC-дің чемпиондық атағына бір табан жақын. Ол – Шавкат Рахмонов", - деп басталады фильмнің Шавкат туралы эпизоды.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри 8 желтоқсанда таңертең Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 310 турнирінде күш сынасады. Олардың жекпе-жегі 5 раундқа жоспарланған.

    Сондай-ақ Иэн Гэрри әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетті.

    Сонымен бірге еркін күрестен екі дүркін әлем чемпионы және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері италиялық балуан Франк Чамизо қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты "киллер" деп атаған еді.

    "Қазақстан – жауынгерлердің отаны": UFC Шавкат Рахмонов туралы фильм түсірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.