jitsu gif
Спорт

    "Ештеңе істей алмайды": Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновтың алдағы жекпе-жекте дәрменсіздік танытатынын айтты

    Иэн Мачадо Гэрри
    Иэн Мачадо Гэрри. Фото: Ian Maule/Getty Images

    Ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрри UFC 310 турнирінде қазақ жауынгері Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жегі туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Instagram желісіндегі "Спорт Шредингера" парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Шавкат өте қиын жекпе-жек өткізгелі жатыр. Әрине, бұл кездесуде ол барынша агрессивті болары сөзсіз. Меніңше, 1-2-раундтарда ол менің жұмбақ қимылдарымның шешуін таба алмай жүретінін көресіздер. Ал 3-4-раундтарда мен басымдығымды таныта бастаймын. Шавкат 4 раундқа қарай шаршап, ештеңе істей алмайды. Мен оны жеңетініме сенімдімін", - деді Иэн Гэрри.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри 8 желтоқсанда таңертең Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 310 турнирінде күш сынасады. Олардың жекпе-жегі 5 раундқа жоспарланған.

    Сондай-ақ UFC промоушені YouTube желісіндегі ресми арнасында қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) пен ирландиялық Иэн Гэрри (15-0) арасындағы жекпе-жекке арналған арнайы фильмін жариялады.

    "Ештеңе істей алмайды": Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновтың алдағы жекпе-жекте дәрменсіздік танытатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.