jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Сазайын тарттырамын": Шавкат Рахмонов қарсыласын жеңетініне сенімді екенін айтты

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

    Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов UFC-дің аса ауыр салмақтағы бұрынғы чемпионы Даниэль Кормьенің YouTube желісіндегі ресми арнасына берген сұқбатында Иэн Гэрриге қарсы жекпе-жегі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 6 желтоқсанда UFC 310 турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістіру рәсімін өткізді.

    Шавкат Рамхонов сұқбат барысында жекпе-жекке тыңғылықты түрде дайындалып жатқанын және қарсыласы Иэн Мачадо Гэрриді айқын басымдықпен жеңгісі келетінін айтты.

    "Жай ғана шығып, сазайын тарттырамын. Бұл сөзім үшін кешірім сұраймын. Гэрри екеуіміз дос емеспіз. Ол – менің қарсыласым. Иә, әрине, мен оны құрметтеймін. Біз жақсы қарым-қатынастамыз, амандасамыз. Өзің білесің, бұл спорт", - деді Шавкат Рахмонов.

    Айта кетейік, Рахмонов пен Гэрри арасындағы жекпе-жек 8 желтоқсанда таңертең UFC 310 турнирінде болады.

    "Сазайын тарттырамын": Шавкат Рахмонов қарсыласын жеңетініне сенімді екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.