jitsu gif
Спорт

    "Екеуіміз де кім қауіптірек екенін білеміз": Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновқа қазақ тілінде үндеу жасады

    Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри
    Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

    UFC 310 турнирінде қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтан жеңілген ирландиялық спортшы Иэн Гэрри Instagram-дағы парақшасында қазақша жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Мансабында алғаш рет жеңіліске ұшыраған Иэн Гэрри қарсыласына құрмет танытып, оны жеңісімен құттықтады.

    "Сізді және таланттарыңызды құрметтеуден басқа ештеңем жоқ. Құттықтаймын, мен сені қайтадан көретін уақытты асыға күтемін – сіз де, мен де кімнің қауіптірек жауынгер екенін білеміз", - деп қазақша жазды Гэрри.

    Еске салайық, 8 желтоқсанда Рахмонов пен Гэрри Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 310 турнирінде жекпе-жекке шыққан еді. Бұл бәсекеде қазақстандық файтер алғаш рет мерзімінен бұрын емес, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

    Жекпе-жектен соң Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадты октагонға шақырып, онымен көз түйістірді.

    "Екеуіміз де кім қауіптірек екенін білеміз": Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновқа қазақ тілінде үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.