jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Шавкат мықты екен": UFC-дің экс-чемпионы Камару Усман Рахмоновтың өнеріне баға берді

    Иэн Гэрри мен Шавкат Рахмонов
    Иэн Гэрри мен Шавкат Рахмонов. Фото: GIUSEPPE CACACE/AFP via Getty Images

    Жартылай орта салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Камару Усман қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жек туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі Pound 4 Pound with Kamaru & Henry арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри 8 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 310 турнирінде күш сынасқан еді. Бұл жекпе-жекте қазақстандық файтер қарсыласынан төрешілердің бірыңғай шешімімен басым түсті.

    "Бұл жекпе-жек мен күткендей болды. Иэн арақашықтық сақтап жұдырықтасу керек. Оның өте керемет және қауіпті екенін көрдіңіздер. Егер жекпе-жек кезінде қарсыласын жақындатпаса, басымдық Иэнде болады. Шавкатқа келсек, ол ашық айқасқа түседі.

    Иэн бірнеше тейкдаун өткізіп алғанда, жекпе-жекті уысынан шығарып алды. Шавкат аяққа нық тұрып жұдырықтасу кезінде және комбинация жасау жағынан өзін көрсете алмады. Мен осындай жекпе-жекті күткенмін және екеуінің де қателіктері бар екенін байқадым.

    Мен бұл жекпе-жек онша әсерлі болмайтынын білдім. Десе де Шавкат нағыз мықты екенін көрсетті. Ол жекпе-жекке шығып, жеңіске жету үшін қолынан келгеннің бәрін жасауға дайын. Иэн де сондай, бірақ бұл күні Шавкат одан басымдырақ болды", - деді Камару Усман.

    Еске салайық, Шавкат Рахмонов UFC-дің жаңа рейтингінде дивизионның бұрынғы чемпионы Камару Усманды басып озып, екінші орынға шыққаныз жазғанбыз.

    "Шавкат мықты екен": UFC-дің экс-чемпионы Камару Усман Рахмоновтың өнеріне баға берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.