Америкалық журналист және UFC комментаторы Лора Санко Қазақстанға деген көзқарасы мен файтер Асу Алмабаев туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Спорт Шредингер" YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Лора Санко сұқбат барысында қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновқа деген ерекше құрметін айтқан болатын. Сондай-ақ америкалық журналист UFC-де өнер көрсететін Асу Алмабаев туралы да жылы лебізін білдірді.
"Бірнеше мәрте адамдар мені қонаққа шақырып: "Бізге келіңіз, біз сізді қуана-қуана қарсы аламыз. Сізге біздің қандай халық екенімізді, тамағымыздың дәмділігін және өміріміздің қандай дәстүрдерге құрылғанын көрсеткіміз келеді", - деп жазды. Бұл менің сіздерге деген көзқарасыма әсер етті. Енді сіздердің туларңызды көрген сайын ерекше назар аударамын", - деді Лора Санко.
Сондай-ақ америкалық журналист UFC-де өнер көрсететін тағы бір қазақ – Асу Алмабаевтың да жекпе-жектерін қарайтынын айтты.
"Мүмкін, мен оның есімін дұрыс айтпайтын шығармын, бірақ ол – Асу (Алмабаев), ең жеңіл салмақтағы спортшы. Ол өз дивизионында үздіктер қатарына көтеріліп, UFC-де керемет жетістіктерге жетіп жатыр. Мен оның UFC-дегі жолын бақылып жүрмін", - деді Лора Санко.
Еске салайық, Асу Алмабаев соңғы рет октагонға қазанда шығып, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 245 турнирінде өнер көрсеткен еді. Ол бразилиялық файтер Матеус Николауды төрешілердің бірыңғай шешімімен ұтып, UFC-де төртінші рет жеңіске жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2205812-birneshe-marte-qonaqqa-shaqyrdy-ufc-kommentatory-qazaq-halqyna-degen-erekshe-qurmetin-zhetkizdi/