Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

Өзбек спортшысы қазақ файтеріне сес көрсетіп, жекпе-жекке шақырды

Жарияланған күні:

Шохасан Мирзаматов
Шохасан Мирзаматов. Фото: instagram.com/shokxasanmma

Өзбекстандық аралас жекпе-жек шебері Шохасан Мирзаматов Octagon лигасының чемпионы қазақстандық Георгий Кичигинге сес көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Metaratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

29 желтоқсанда Шохасан Мирзаматов бірінші раундта бразилиялық Педро Фариасты нокаутпен ұтып, Octagon лигасының қазіргі чемпионы Георгий Кичигинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

"Мен ақпанда чемпион Кичигинмен жекпе-жекке шығуға дайынмын. Сондықтан Кичигин жағын жаттықтыра берсін", - деді Мирзаматов.

Георгий Кичигин Octagon лигасының жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуінің иегері. Ал Шохасан Мирзаматов рейтингте бірінші орында тұр және титулға үміткер. Мирзаматовтың еншісінде 13 жеңіс бар. Ол 11 жекпе-жегінде нокаутпен және екеуінде төрешілер шешімімен ұтқан.

Еске салайық, Семейде өткен ММА турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек жұлдыздары Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаевқа бағалы сыйлықтар табысталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2206589-ozbek-sportshysy-qazaq-faiterine-ses-korsetip-zhekpe-zhekke-shaqyrdy/