Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды
Опубликовано:
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ cпортшының командасы DarTeam-нің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Асу Алмабаев (21-2) наурызда өтетін UFC турнирінде чемпиондыққа бұрынғы үміткер аустралиялық Стив Эрцегпен (12-3) жекпе-жекке шығады. Аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингте Алмабаев сегізінші, ал Эрцег тоғызыншы орында тұр.
Бұған дейін БАҚ-та Асу Алмабаев 2025 жылдың 1 наурызында Лас-Вегаста өтетін UFC Vegas 103 турнирінде жекпе-жек өткізетіні туралы ақпарат тараған еді.
Айта кетейік, Асу Алмабаев 2023 жылы UFC-дегі дебютінде Одди Осборнды тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. Ал 2024 жылы ол Си Джей Вергараны, Хосе Джонсонды және Матеус Николауды төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2207556-asu-almabaevtyng-ufc-degi-kelesi-qarsylasy-belgili-boldy/