jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық файтердің UFC-дегі алғашқы қарсыласы анықталды

    Дияр Нұрғожай
    Дияр Нұрғожай. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін кімге қарсы өткізетіні белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ cпортшының командасының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дияр Нұрғожай 15 наурызда UFC-де дебют жасайды. Ол Лас-Вегаста өтетін UFC Vegas 104 турнирінде 28 жастағы бразилиялық Брендсон Рибейромен күш сынасады.

    Рибейро MMA-дағы кәсіби мансабын 2015 жылы бастаған. Ол 16 жекпе-жекте жеңіп, жетеуінде жеңілген. UFC-дегі алғашқы жеңісіне 2024 жылдың қарашаcында UFC Fight Night 246 турнирінде қол жеткізді. Ол кезде бразилиялық файтер жерлесі Кайо Мачадоны төрешілер шешімімен жеңген болатын.

    Дияр Нұрғожай былтыр қазанда Dana White Contenders сериясында жеңіске жетіп, UFC-мен келісімшартқа отырған еді. Оның MMA-дағы рекорды – 10-0.

    Еске салайық, қазақстандық файтер Асу Алмабаев наурызда өтетін UFC турнирінде чемпиондыққа бұрынғы үміткер аустралиялық Стив Эрцегпен (12-3) жекпе-жекке шығатынын жазғанбыз.

    Қазақстандық файтердің UFC-дегі алғашқы қарсыласы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.