RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Құттықтап қойсаңыздар болады": Шавкат Рахмоновтың қарындасы желіде қуанышты жаңалығын бөлісті

Жарияланған күні:

Сора Рахмонова
Сора Рахмонова. Фото: instagram.com/sora_rakhmonova_/

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова алғашқы әскери шенін алғанын хабарлады. Ол жақсы жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Рахмонова Сора Бақтыбайқызы - қоян-қолтық ұрыстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы, кәсіпқой аралас жекпе-жек жауынгері, кикбоксинг, кайбокс, ММА, панкратион спорт түрлерінен ҚР спорт шебері, бразилиялық джиу-джитсудан көк белбеу иегері. Ол былтыр тамыз айында ТЖМ қатарына қызметке тағайындалған еді.

Бұл қызметіндегі алғашқы шенін алғанын ол желідегі парақшасында жазды.

"Құттықтап қойсаңыздар болады! Әскери қызметте бірінші офицерлік шен - лейтенат шені берілді! Осы қуанышты жаңалықты өздеріңізге бөліскенді жөн көрдім.

Елдің тыныштығы үшін аянбай еңбек ететін құтқарушылар қатарында болғанымды мақтан тұтамын! Қазақстан Республикасына қызмет етемін. Еліміз аман болсын", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2219583-quttyqtap-qoisangyzdar-bolady-shavkot-rahmonovtyng-qaryndasy-zhelide-quanyshty-zhangalygyn-bolisti/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif