
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC Vegas 103 турниріндегі алғашқы жеңілісінен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды 1bol.kz.
Ол өз жанкүйерлеріне алғыс айтып, алдағы мақсаттарын айқындап өтті:
"Барша қолдап жатқан бауырларға көп рахмет! Бір-бірімізді қолдап жүрейік. Құласақ та, көтерілсек те, қолдап жүрейік. Белбеуді алып келемін, иншалла. Сондықтан ер адам болған соң неше түрлі жағдай болады. Ақталмаймыз", – деді спортшы.
Айта кетейік, Асу Алмабаев Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 103 кешінің басты жекпе-жегінде португалиялық Манель Капемен (20-7-0) кездесіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді. Бұл оның UFC-дегі алғашқы жеңілісі болды. Бұған дейін Алмабаев қатарынан төрт жекпе-жекте жеңіске жетіп, рейтингте жоғарылаған еді.
Спортшы бұл сәтсіздікке қарамастан, чемпиондық белбеу үшін күресін жалғастыратынын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2224805-aqtalmaimyz-asu-almabaev-algashqy-zhengilisinen-zhekpe-zhegine-qatysty-pikir-bildirdi/
Пікірлер жүктелуде