jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Ауыр атлетика федерациясы Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанлоға су жаңа көлік мінгізетін болды

    Спорт
    Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының жүлдегерлері Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанлоға жаңа көлік берілетінін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоға жаңа Toyota Camry автокөліктерін табыстайды, ал спортшылардың жеке жаттықтырушылары мен ұлттық құраманың бас бапкері ақшалай сыйақы алады. Қазақстан Республика ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков жақын арада Нұр-Сұлтанда спортшыларға автокөліктің кілтін тапсырады", - делінген ауыр атлетика федерациясының ресми сайтында.

    Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиада ойындарының үш қола медалі бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон жеңіп алды.

    Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон Токиодан 28 шілде күні елге оралды. Спортшыларды Алматы әуежайынан жанкүйерлері мен журналистер күтіп алды.

    Зүлфия Чиншанло Олимпиадада өзіне қолдау көрсеткен достары мен қазақстандықтарға алғыс айтты. Ол біраз уақыт демалып, кейін келесі шыңдарды бағындыруға дайындалатынын атап өтті.

    Игорь Сон болса медаль үшін жанталасқанын, алайда үшінші орын алған кезде сенер-сенбесін білмегенін айтады.

    Ауыр атлет қарсыластарының өте мықты болғанын, бірінші орынға бес адамның таласқанын айта кетті.

    Ауыр атлетика федерациясы Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанлоға су жаңа көлік мінгізетін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.