
Бүгін Токио Олимпиадасында жүлдегер атанған спортшылардың екінші бөлігі елге оралды. Олимпиада жүлдегерлерін әуежайдан жанкүйерлер мен жақын туыстары, сондай-ақ, дос-жарандары қарсы алды деп хабарлайды Olympic.kz.
Бүгін елге оралған спортшылар қатарында Олимпиаданың қола жүлдегерлері, боксшылар Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев және каратэшілер Софья Берульцева мен Дархан Асаділов бар.

Айта кетсек, бұған дейін жанкүйерлер Олимпиаданың тағы бір қола жүлдегері дзюдошы Елдос Сметовті, ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон әуежайдан сән-салтанатпен күтіп алған еді.

Еске сала кетсек, Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындары 8 тамыз күні өз мәресіне жетті.
Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 8 қола медальмен 83-орынға тұрақтады.
Енді келесі жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылы Франция астанасы Парижде өтеді.



Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/1926334-zankuierler-tokio-olimpiadasynyn-zuldegerlerin-san-saltanatpen-kutip-aldy-foto/