jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Өкінетін жерлер бар": әлем чемпионы Біржан Жақыпов орындалмай қалған арманын айтып, ағынан жарылды

    Біржан Жақыпов жеңістен соң
    Біржан Жақыпов: Қазақстан бокс федерациясы

    Бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы, Бейжің, Лондон және Рио Олимпиадаларына қатысушы Біржан Жақыпов өзінің спорттық мансабына көз жүгіртіп, қандай жайтқа өкінетінін айтты. Бұл туралы Qazaq Ring жобасында белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Әрине, барлығы үшін шүкір. Бұған жетпеген боксшылар да бар. Бәрі еңбектің, талаптың арқасы. Алға қойған мақсатқа жету үшін еңбек еттік. "Бұйырған кетпес, қуған жетпес" дейді ғой. Бірақ Олимпиаданың жүлдесіне бір қадам жетпей тоқтағаныңа, одан бөлек, сенен ұтылып жүрген жігіттер Олимпиадада күміс, қола алғанын көргенде, кішкене өкінесің. Адам болған соң өкінесің. Барлығына шүкір. Ешкім басымызға медальді іле салған жоқ. Еңбекпен келді", - деді Жақыпов.

    Біржан Жақыпов ұзақ жылдар бойы 49 келінің көшбасшысы атанып, 32 жасында мансабын аяқтаған.

    Сондай-ақ эфир барысында Жақыпов өзінің жеке бапкері Мырзағали Айтжановпен ара-қатынасы туралы да сөз қозғаған болатын.

    "Өкінетін жерлер бар": әлем чемпионы Біржан Жақыпов орындалмай қалған арманын айтып, ағынан жарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.