jitsu gif
Спорт

    Нышан Өмірәлі Азия пара ойындарында күміс жүлдеге ие болды

    Нышан Өмірәлі
    Нышан Өмірәлі. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Нышан Өмірәлі Азия пара ойындарында күміс жүлдегері атанды. Бұл турады Туризм және спорт министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    IV Азия пара ойындарында 80 кг салмақ дәрежесінде (К44) өнер көрсеткен қазақстандық атлет Нышан Өмірәлі паратаэквондодан күміс медаль иегері атанды.

    Финалда біздің отандасымыз Ираннан келген спортшыға есе жіберді.

    Айта кетейік, Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында дзюдошы Зарина Раифова күміс медальға қол жеткізген болатын.

    Жазғы Паразиаданың кезекті жарыс күнінде Қазақстан қоржынына екі күміс медаль түскен.

    Қазақстандық Жалғас Тайкенов каноэде есуден 43,369 секунд нәтижесін көрсетіп, Азия пара ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды.

    Бибарыс Спатай да каноэде есуден екінші орынды иеленіп, ел қоржынын тағы бір күміс медальмен толықтырды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.