Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зарина Раифова - Азиа пара ойындарының күміс жүлдегері

Опубликовано:

Зарина Раифова
Зарина Раифова. Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында дзюдошы Зарина Раифова күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Азия пара ойындарында дзюдошы Зарина Раифова 70 кг  (J2) салмақта күміс медальді жеңіп алды.

Отандасымыз финалда қытайлық Ван Хуюнға есе жіберіп алды. Ал  үшінші  орын жапондық  Нишимура Атсумаға бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ханчжоуда өтіп жатқан Паразиада ойындарының аясында Қазақстаннан келген спортшылар пара дзюдодан бірінші, екінші орынды иеленген болатын.

Шешуші кездесуде Ерғали Шамей отандасы Асылан Нұрдәулетовпен күрескен.

Осылайша қазақстандық пара дзюдошылар Қазақстан командасының қоржынына тағы бір алтын мен күміс медальді салған.

Сондай-ақ Азия пара ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толыққаны туралы жазған едік. Олжас Оразәліұлы пара дзюдодан ақтық сында қарсыласынан басым түсті.

Жазғы Паразиаданың кезекті жарыс күнінде Қазақстан қоржынына екі күміс медаль түскен.

Қазақстандық Жалғас Тайкенов каноэде есуден 43,369 секунд нәтижесін көрсетіп, Азия пара ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды.

Бибарыс Спатай да каноэде есуден екінші орынды иеленіп, ел қоржынын тағы бір күміс медальмен толықтырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2042477-zarina-raifova-azia-para-oiyndarynyn-kumis-zuldegeri/

pixel