jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Канвондо-2024: IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті

    Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшылар
    Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшылар. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Бүгін, 19 қаңтарда Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы ресми түрде басталды. Ашылу салтанаты сыйымдылығы 8 мың адамға құрылған "Купол Ёнпон" спорт кешенінде өтті. Айта кетейік, бұған дейін осы спорт кешенінде 1999 жылы IV қысқы Азия ойындарының ашылу және жабылу рәсімдерін өткізген еді.

    Олимпиада алауын жағу сәті
    Олимпиада алауын жағу сәті. Фото: https://t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Олимпиадаға қатысушыларды Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль мен ХОК басшысы Томас Бах құттықтап, сәттілік тіледі. Шара барысында еліміздің көк туын конькимен жүгіру спортының өкілі Кристина Шумекова мен шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан алып шықты.

    Ерасыл Шыңғысхан мен Диана Шумекова
    Ерасыл Шыңғысхан мен Диана Шумекова. Фото: https://t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Олимпиадада елімізден 41 атлет 5 спорт түрінен 9 дисциплинада бақ сынайды. Дүбірлі додада әлемнің 78 мемлекетінен 1802 спортшы жүлдеге таласады. Енді қазақстандық спортшылар 20 қаңтар күні биатлон, шаңғымен тұғырдан секіру, шорт-трек, 3×3 хоккейден жарысты бастайды.

    Канвондо-2024: IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.