jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында тарихи жетістікке жетті

    Қазақстандық семсерлесушілер
    Қазақстандық семсерлесушілер. Фото: Olympic.kz

    Саблямен семсерлесуден Қазақстанның әйелдер құрамасы тарихында алғаш рет Азия чемпионатының жүлдегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ширек финалда қазақстандықтар Гонконг құрамасын 45:40 есебімен жеңді.

    Жартылай финалдық бәсекеде Айгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастсия Гулик және Жасмин Капыджы Корея құрамасымен кездесіп, 45:36 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Корея құрамасы әлемнің үздік семсерлесушілерінің қатарына кіреді. Ал ақтық сында Қытай спортшыларына аз ғана ұпаймен жол берді. 

    Осылайша Айгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастсия Гулик және Жасмин Капыджыдан құралған Қазақстан командасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

    Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы – украиналық маман Торчук Олександр.

    Айта кетейік, бұл Кувейттегі Азия біріншілігінде ел қоржынына түскен төртінші медаль. Сондай-ақ семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Олимпиада чемпиондарын жеңіп, Азияның үздігі атанған болатын.

    Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында тарихи жетістікке жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.