jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Ғарышкерлер сияқты": қазақстандық спортшылардың Олимпиадаға арналған киімі желіде талқыға түсті (фото)

    Дзюдодан Қазақстан құрамасы
    Дзюдодан Қазақстан құрамасы. Фото: instagram.com/kaz_judoteam

    Қазақстандық спортшылардың Париж Олимпиадасына арналған киім үлгісі желіде қызу талқыға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Дзюдодан Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Олимпиадасына киетін формамен суретке түсіп, Instagram желісіне жариялады. Желі қолданушылары спортшылардың киім үлгісін қызу талқыға салды.

    "Ғарышкерлер сияқты көрінеді екен", "Спорттық киімге келмей тұрған секілді", "Сапасы қалай өзі? Ертең Парижге барғанда жыртылып жатпасын әйтеуір", "Киім өте әдемі. Спортшыларымызға сәттілік, жеңіс тілейміз! Көк туымызды көкке көтеріңдер!", - деп жазды оқырмандар.

    Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ұлттық құраманың олимпиадалық формасы демеушілердің қаражаты есебінен тігілгенін айтқан еді.

    Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды. Ел қоржынында 25 спорт түрінен 92 лицензия бар.

    Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрама командасының мүшелеріне мемлекеттік туды тапсырғанын жазған едік.

    "Ғарышкерлер сияқты": қазақстандық спортшылардың Олимпиадаға арналған киімі желіде талқыға түсті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.