jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Төсек картоннан жасалған": қазақстандық боксшы Олимпиада қалашығындағы бөлмесін көрсетті (видео)

    Назым Қызайбайдың Олимпиада қалашығындағы бөлмесі
    Назым Қызайбайдың Олимпиада қалашығындағы бөлмесі. Скриншот: tiktok.com/@kna5001

    Парижге аттанған қазақстандық боксшылардың бірі Назым Қызайбай Олимпиада қалашығындағы бөлмесін көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Назым Қызайбай Париждегі бөлмесін видеоға түсіріп, TikTok желісіндегі ресми парақшасына жариялады.

    "Мынау менің бөлмем. Ең кішкентай, тар бөлме екен. Төсектер картоннан жасалған. Жаныма тағы бір спортшы келіп тұрады. Қазір жалғыз тұрып жатырмын. Әзірге орналасып, жаттығуымызды жалғастырып жатырмыз. 25 шілдеде жеребе болады. Дұғада болыңыздар", - деді боксшы.

    Назым Қызайбай маусымда Бангкокта (Таиланд) өткен бокстан соңғы лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасын жеңіп алған еді. Ол Париж бәсекесінде 50 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Назымнан бөлек, әйелдер боксынан ел намысын Валентина Хальзова (75 кг) мен Карина Ибрагимова (57 кг) қорғайды.

    Еске салайық, бұған дейін Ұлттық Олимпиадалық комитеттің президенті Геннадий Головкин Париждегі Олимпиада қалашағында бокстан Қазақстан құрамасымен кездескенін жазған едік.

    "Төсек картоннан жасалған": қазақстандық боксшы Олимпиада қалашығындағы бөлмесін көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.