jitsu gif
Спорт

    Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында қанша медаль иеленуі мүмкін: суперкомпьютер болжам жасады

    Париж Олимпиадасының логотипі
    Париж Олимпиадасының логотипі. Фото: Chesnot/Getty Images

    Gracenote суперкомпьютері Қазақстан құрамасы Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарында қанша медаль жеңіп алатынына болжам жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Суперкомпьютердің есебі бойынша, Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасын 10 медальмен аяқтайды. Қазақстандық спортшылар 2 алтын, 3 күміс, 5 қола жүлде иеленіп, жалпы командалық есепте 29-орынға жайғасуы мүмкін.

    Gracenote болжамына сүйенсек, Париждегі бәсекеде АҚШ құрамасы 39 алтын, 32 күміс, 41 қола жүлде еншілеп, 112 медальмен көш бастайды. Ал екінші орынға Қытай (34-27-25) табан тіресе, үздік үштікті Ұлыбритания (17-20-26) түйіндейді деп болжанып отыр.

    Айта кетейік, суперкомпьютер аталған болжамды спортшылардың Токио-2020 Олимпиадасындағы нәтижесін талдай отырып дайындаған. Жапония астанасында өткен байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы 8 қола жүлде иеленіп, жалпы есепте 83-орынға тұрақтаған еді.

    Париж Олимпиадасы 26 шілдеде басталады. Төрт жылдықтың басты додасында Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды. Олар спорттың 25 түрінен бақ сынайды. Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері осымен сегізінші мәрте жазғы Олимпиадаға қатыспақ.

    Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында қанша медаль иеленуі мүмкін: суперкомпьютер болжам жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.