"Бірінші раунд бәрін құртты": Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасындағы жеңілісі туралы айтты
Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалғанына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Махмұд Сабырхан 1/8 финалда испаниялық Хосе Кильеспен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіліп қалған еді.
"Бірінші раундта испаниялыққа 5:0 есебімен жеңісті беріп жіберді. Сол бірінші раунд бәрін құртты. Бірінші раундта жеңгендей болып едім. Екінші кезеңде де жеңдім ба деп едім, оны да қарсыласқа берді. Үшінші раунд ештеңе шешпейтінін білдім. Осымен Олимпиаданы аяқтадым, бар күшімді салдым", - деді Махмұд "Хабар" агенттігіне берген сұқбатында.
Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық боксшылардың ішінен Асланбек Шымбергенов (71 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) Олимпиаданы аяқтаған еді. Ал Сәкен Бибосынов (51 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг) ширек финалға шықты.
- Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп, Олимпиадамен қош айтысты
- Қазақстандық мергендер финалдық кезеңге шыға алмады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2142580-bar-kushimdi-saldym-mahmud-sabyrhan-parizh-olimpiadasyndagy-zhengilisi-turaly-aitty/