jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Париж Олимпиадасы: қазақстандық марафоншы финалда 33-орын алды

    Қазақстандық марафоншы Жанна Мамажанова
    Қазақстандық марафоншы Жанна Мамажанова. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық жеңіл атлет Жанна Мамажанова Франция астанасы Париждегі 2024 жылғы жазғы Олимпиаданың финалында бақ сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жанна Мамажанова әйелдер арасындағы марафонға қатысты. Жарысты 91 спортшы бастаған еді. Бірақ оның тоғызы мәреге жете алмады. Ал қазақстандық жеңіл атлет 42 км 195 м қашықтықты 2 сағат 30 минут 51 секундта жүгіріп өтіп, 33-орынға тұрақтады.

    Айта кетейік, Жанна Мамажанова Токио-2020 Олимпиадасына да қатысқан еді. Ол белгіленген межені 2 сағат 37 минут және 42 секундта бағындырып, 46-орын алған болатын.

    30 жастағы марафоншы биыл сәуірде Роттердамда (Нидерланд) өткен жарыста Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Ол жарыс жолын 2 сағат 26 минут 42 секундта еңсеріп, Қазақстан рекордын тіркеді. Бұл марафонға 17 мыңнан астам адам қатысқан болатын.

    Париж Олимпиадасы: қазақстандық марафоншы финалда 33-орын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.