jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Нұрлан Домбаев Паралимпиада ойындарының қола жүлдесі үшін таласта жеңіліс тапты

    Нұрлан Домбаев
    Нұрлан Домбаев. Фото: gov.kz

    Қазақстандық таеквондошы Нұрлан Домбаев Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының қола медаль үшін бәсекеде сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Пара таеквондодан 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде К44 санаты бойынша қазақстандық Нұрлан Домбаев Оңтүстік Корея өкілі Джу Чон-хунмен қола медаль үшін бәсекеде кездесті. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 1:7 есебімен жеңіліс тапты.

    Нұрлан Домбаев пара таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы атанған (2017, 2019). Сондай-ақ 2022 жылы өткен Азия ойындарының қола жүлдесін еншілеген.

    Оңтүстік Корея спортшысы Джу Чон-хун 2020 жылғы Токиодағы жазғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған. Ал 2022 жылы өткен Азия ойындарының чемпионы болған.

    Айта кетейік, бүгін, 31 тамызда нысана көздеуден ел намысын қорғаған Еркін Ғаббасов күміс жүлдеге ие болды.

    Нұрлан Домбаев Паралимпиада ойындарының қола жүлдесі үшін таласта жеңіліс тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.