Паралимпиада-2024: Нышан Өмірәлі қола жүлде үшін таласта есе жіберді
Опубликовано:

Қазақстандық таеквондошы Нышан Өмірәлі Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының қола медаль үшін бәсекеде сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Пара таеквондодан +80 кг салмақ дәрежесінде К44 санаты бойынша қазақстандық Нышан Өмірәлі Иран өкілі Хагшенас Хамедпен қола медаль үшін бәсекеде кездесті. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 14:16 есебімен есе жіберді.
Тағы бір қазақстандық таеквондошы Нұрлан Домбаев Оңтүстік Корея өкілі Джу Чон-хунмен қола медаль үшін бәсекеде жеңіліс тапқан болатын.
Айта кетейік, бүгін, 31 тамызда нысана көздеуден ел намысын қорғаған Еркін Ғаббасов күміс жүлдеге ие болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2155591-paralimpiada-2024-nyshan-omirali-para-taekvondodan-qola-zhulde-ushin-talasta-ese-zhiberdi/