jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Жансая Әбдімәлік неге шахмат Олимпиадасына қатыспады: спортшының өзі жауап берді

    Жансая Әбдімәлік
    Жансая Әбдімәлік. Фото: instagram.com/zhansaya_abdumalik

    Танымал қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік неліктен бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасында Қазақстан құрамасы сапында ойнамағанын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жансая Әбділмәлікке желі қолданушыларының бірі: "Неге Олимпиадаға қатысқан жоқсың?" - деп сұрақ қойды.

    "Себебі көп, бірақ оны жазу ұзақ (тек өзім қатысатын баспасөз конференциясын өткізуге болады). Тек айтарым – Қытайдағы командалық жарыстан кейін осындай шешім қабылдадым. Егер болашақта құрамаға қайта оралатын болсам, мүлде басқа ережелер мен келісімдер бойынша ғана қатысамын", - деп жауап берді Жансая Әбдімәлік Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

    Айта кетейік, шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет Олимпиаданың күміс жүлдесін жеңіп, тарихи жетістікке жеткен болатын. Сол әйелдер құрамасында Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Әмина Қайырбекова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман сынға түсті.

    Жансая Әбдімәліктің Instagram желісіндегі Stories бөлімі
    Жансая Әбдімәліктің Instagram желісіндегі Stories бөлімі. Скриншот: instagram.com/zhansaya_abdumalik

    Жансая Әбдімәлік неге шахмат Олимпиадасына қатыспады: спортшының өзі жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.