Спорт

Зектілері

Қытай атынан сынға түсіп жүрген этникалық қазақ балуаны Алматыға келді (фото)

Жарияланған күні:

Әлішер Ерғали мен Әбусайман Хабила
Әлішер Ерғали мен Әбусайман Хабила. Фото: instagram.com/yergalialisher

Қытай атынан сынға түсіп жүрген этникалық қазақ Әбусайман Хабила Алматыға келіп, қазақ балуаны Әлішер Ерғалимен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Әлішер Ерғалидің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Әлішер Ерғали Instagram желісіндегі ресми парақшасының Stories бөліміне Қытай сапында өнер көрсететін этникалық қазақ Әбусайман Хабиламен түскен фотосын жариялады.

Осыдан бір жарым ай бұрын еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Қытайға барып, Әбусайман Хабиламен кездескен еді. Енді Әбусайман Хабила Алматыға арнайы келді.

Айта кетейік, Әбусайман Хабила 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында қола жүлде еншілесе, 2023 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді.

Әбусайман Хабила Париж Олимпиадасында еркін күрестен 97 кг салмақ дәрежесінде бақ сынады. Ол алғашқы белдесуінде америкалық балуан Кайл Фредерик Снайдерге есе жіберді (9:5). Кайл финалға жолдама алса, Әбусайман жүлдеге таласа алар еді. Бірақ америкалық спортшы жартылай финалда сүрінді.

Сондай-ақ еркін күрестен Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Абдулрашид Садулаев Алматыға келіп, Әлішер Ерғалимен кездескен болатын.

Әлішер Ерғали мен Әбусайман Хабила
Әлішер Ерғали мен Әбусайман Хабила. Фото: instagram.com/yergalialisher

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2199594-qytai-atynan-synga-tusip-zhurgen-etnikalyq-qazaq-baluany-almatyga-keldi-foto/