jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Елдос Сметов өзіне берілген марапатты химия пәнінен Олимпиада чемпионына табыстады

    Елдос Сметов
    Елдос Сметов. Скриншот: youtube.com/@MaratOralgazin

    Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов "Қызық Премия" марапаттау кешінде өзіне табысталған сыйлықты пән Олимпиадасының жеңімпазына берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жыл үздіктері анықталатын "Қызық Премия" кешінде Елдос Сметов "Жыл спортшысы" атағына ие болды. Десе де ол бұл марапатты химия пәнінен халықаралық Олимпиада чемпионы Санжар Бейсенәліге табыстады.

    "Білім саласындағы Олимпиада чемпионы осы залда, ортамызда отыр деп естідім. Мен "Жыл спортшысы" атағын осыған дейін 3-4 рет алғанмын. Қазіргі таңда әлемде үздік атану үшін сынға түсіп жатырмын. Сіздерден қолдау күтемін.

    Осы марапатты өз атымнан білім саласында Олимпиада жеңімпазы болған бауырымызға сыйлағым келеді. Білім мен ғылымда үлкен жетістікке жете берсін", - деді Елдос Сметов.

    2023 жылы қазақстандық оқушылар Швейцарияның Цюрих қаласында өткен химия пәнінен халықаралық Олимпиадада (IChO-2023) бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған еді. Алтын медальді Астанадағы "Назарбаев зияткерлік мектебінің" 12-сынып оқушысы Санжар Бейсенәлі еншілеген болатын.

    Еске салайық, Елдос Сметов 2024 жылдың қорытындысы бойынша үздік спортшы, ал бапкері Ғалымжан Жылгелдиев үздік бапкер атанды.

    Елдос Сметов өзіне берілген марапатты химия пәнінен Олимпиада чемпионына табыстады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.