jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Ақордаға бару – арманым": Шайдоров Тоқаевпен кездесуді асыға күтіп жүргенін айтты

    Михаил Шайдоров
    Михаил Шайдоров. Фото: t.me/olympickz

    Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Ақордаға баруды көптен армандап жүргенін және ел президентімен алдағы кездесуін асыға күтетінін айтты, деп хабарлайды Jibek Joly телеарнасы.

    Михаил Шайдоров телеарнаға берген сұхбатында Қазақстан президентінің резиденциясы туралы көптеген фильмдерді көргенін және оған баруды арман болғанын мойындады.

    "Біріншіден, Ақордаға бару – менің арманым. Білмеймін, мен Ақорда туралы деректі фильмдерді көптен бері көріп келемін, ол туралы көп оқыдым және сонда баруды армандадым. Енді міне, оған жеттім! Бірақ президентпен не туралы әңгімелесетінімді айтпаймын", - деді мәнерлеп сырғанаушы.

    Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында чемпион атанды. Олимпиададағы жеңісінен кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шайдоровты II дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ ол қомақты ақшалай сыйлық алатыны белгілі болды.

    "Ақордаға бару – арманым": Шайдоров Тоқаевпен кездесуді асыға күтіп жүргенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.