jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Олимпиада-2026: қазақстандықтар қатысатын жарыстар ауа райына байланысты кейінге шегерілді

    Шерзод Хаширбаев
    Шерзод Хаширбаев. Фото: Тұрар Қазанғапов / Ұлттық олимпиадалық комитет

    Қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-акробатикадан біліктілік жарысы ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бүгін, 17 ақпанда Ливиньо биік таулы аймағында ерлер мен әйелдер арасында шаңғы акробатикасынан іріктеу жарыстары өтуі керек еді.

    Фристайл және сноуборд жарыстары өтетін трассада қалың қар жауып, көріну деңгейі нашарлаған.

    Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгінгі күнге барлық пән бойынша барлық жарыс кейінге шегерілді. Жаңа жарыс кестесі кейінірек жарияланады.

    Айта кету керек, 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы акробатикасынан Қазақстан намысын Аяна Жолдас, Дінмұхаммед Райымқұлов, Асылхан Асан, Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаев қорғайды.

    Олимпиада-2026: қазақстандықтар қатысатын жарыстар ауа райына байланысты кейінге шегерілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.