jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Министрлік Шайдоров пен оның командасының дайындығына қанша қаржы жұмсалғанын жариялады

    Михаил Шайдоров пен Алексей Урманов
    Михаил Шайдоров пен Алексей Урманов. Фото: Сали Сабиров/ҚР Ұлттық олимпида комитеті

    Туризм және спорт министрлігі Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен оның командасының Олимпиадаға дайындығына қанша қаржы жұмсалғанын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Министрлік өкілдері қысқы олимпиадалық спорт түрлеріндегі спортшыларды жүйелі мемлекеттік қолдау туралы айтты.

    Қаржыландыру ел ішінде және шетелде оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, халықаралық жарыстарға қатысуға, спортшылар мен жаттықтырушылардың еңбекақысын төлеуге, медициналық және ғылыми сүйемелдеуге, спорттық киім-кешекпен қамтамасыз етуге, жарыс бағдарламаларын әзірлеуге, психологиялық дайындыққа және жаттығу үдерісін ұйымдастыруға бағытталады.

    Министрліктің мәлімдеуінше, мұның барлығы отандық спортшылардың әлемдік деңгейдегі ірі жарыстарға еркін қатысуына және жоғары нәтиже көрсетуіне мүмкіндік береді.

    "Мемлекеттік қолдаудың нақты мысалы ретінде отандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың даярлығын атап өтуге болады. Олимпиадалық циклді оның мысалында талдай отырып, жоғары дәрежелі спортшыны қолдаудың барлық тетігі толық көлемде іске асырылғанын байқауға болады.

    Мәселен, 2025 жылы спортшы мен оның командасының дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған жалпы қаржы көлемі 263 394 581 теңге болды. Оның ішінде 19 оқу-жаттығу жиынына (8-і Қазақстанда, 11-і шетелде) 47 млн теңге, ал 5 халықаралық жарысқа қатысуға 16 млн теңге бөлінді.

    2025 жылы спортшының жалпы еңбекақысы (ҚР ТСМ ДРС, федерация және әкімдік желісі бойынша) 33 989 000 теңге болды.

    Спортшының жеке бапкері Алексей Урмановтың 2025 жылғы еңбекақысы (ҚР ТСМ ДРС және федерация желісі бойынша) – 26 000 000 теңгеден астам.

    Хореограф И.В. Регинаның 2025 жылғы еңбекақысы (ҚР ТСМ және федерация желісі бойынша) –23 000 000 теңге", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ жарыс бағдарламаларын қою, екі костюм тіктіру және шығармаларға авторлық құқықтарды сатып алу шығындары да қосымша қаржыландырылған.

    "Бұған дейін спортшы әлем чемпионаты мен Азия ойындарындағы жоғары нәтижесі үшін 6 694 581 теңге көлемінде біржолғы сыйақы алса, жаттықтырушылар штабына қосымша 1 506 040 теңге төленді.

    Осылайша, көшбасшы спортшыларды даярлау моделі оқу-жаттығу жиынынан бастап, ғылыми-медициналық қамтамасыз ету мен материалдық қолдауға дейінгі кешенді қағидатқа негізделген.

    Атаулы қаржыландыру тәжірибесі мемлекет тарапынан жүйелі тәсіл ретінде қалыптасып, отандық спортшылардың қысқы спорт түрлерінде әлемнің үздіктерімен тең дәрежеде бәсекелесуіне барлық қажетті жағдай жасалғанын көрсетеді", - делінген хабарламада.

    Министрлік Шайдоров пен оның командасының дайындығына қанша қаржы жұмсалғанын жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.