jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Олимпиада-2026: қазақстандық конькимен жүгіруші Елизавета Голубева үздік жетілікке енді

    Елизавета Голубева
    Елизавета Голубева. Фото: Сали Сабиров / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

    Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасында 1500 метр қашықтықта жарыс өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Аталған бағдарламада Қазақстан құрамасының атынан Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко бақ сынады.

    Қазақстандық спортшылардың арасында ең үздік нәтижені Елизавета Голубева көрсетті. Ол 1:54.86 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жетінші орын алды.

    Надежда Морозова 1:54.86 нәтижесімен 12-орынға тұрақтаса, Арина Ильященко 1:58.43 уақыт көрсеткішімен 24-орында жарысты аяқтады.

    Нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонг 1:54.09 нәтижесімен Олимпиада чемпионы атанды. Күміс медальді норвегиялық Рагне Виклунд (1:54.15) иеленсе, қола жүлде канадалық Валери Мальтеге (1:54.40) бұйырды.

    Олимпиада-2026: қазақстандық конькимен жүгіруші Елизавета Голубева үздік жетілікке енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.