Шаңғышы қыздар сынға түседі, Олимпиаданың жабылу салтанаты өтеді: 22 ақпандағы жарыс кестесі қандай
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бүгін, 22 ақпанда төрткүл дүние көз тіккен 2026 жылғы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетеді. Соңғы жарыс күнінде қай спорт түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынатынын назарларыңызға ұсынамыз. Жарыс кестесті Қазақстан уақыты бойынша көрсетілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ұлттық құраманың атынан соңғы болып бүгін жарыс жолына шаңғышылар шығады.
Шаңғы жарысы
14:00. Масс-старт, 50 км, классикалық стиль (әйелдер)
Өнер көрсететін қазақстандық спортшылар: Надежда Степашкина (№39), Анна Мельник (№40).
Қазақстан құрамасының қатысуынсыз өтетін жарыстар кестесі:
Бобслей
- 14:00. (Ерлер)
- 16:15. (Ерлер)
Фристайл
- 14:40. Хафпайп-финал (әйелдер)
Керлинг, әйелдер
- 15:05. Швейцария – Швеция (финал)
Хоккей, ерлер
- 18:10. Канада – АҚШ (финал)
Бүгінгі жарыс күні XXV Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатымен аяқталады. Байрақты бәсекенің жабылу рәсімі әйгілі Arena di Verona амфитеатрында өтеді. Басталуы – Қазақстан уақыты бойынша 00:30-да (23 ақпан).
Іс-шара көркемдік және ресми бөлімдерден тұрады, сондай-ақ спортшылардың шеруін, марапаттау рәсімін және келесі қысқы Олимпиада ойындары өтетін ел Францияға Олимпиада туын тапсыру рәсімдерін қамтиды.
- Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Олимпиадада жетінші орын алды
- Шорт-трек: Ольга Тихонова және Яна Хан 2026 жылғы Олимпиадада жарыс жолын аяқтады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз