jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты астаналықтар әуежайда сән-салтанатпен қарсы алды (видео)

    Михаил Шайдоров
    Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров. Фото: Joosep Martinson/Getty Images

    2026 жылғы Олимпиада ойындарында ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан чемпион атанған Михаил Шайдоров Қазақстанға оралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚР Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

    24 ақпаннан 25 ақпанға қараған түні спортшы Астанаға келді. Елорда әуежайында чемпионды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, оған көптеген жанкүйер қатысты.

    Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин чемпионды құттықтап, сөз сөйледі.

    Михаил Шайдоров көпшілік алдына Қазақстан туын жамылып, 2026 жылғы ойындардың алтын медалін тағып шықты. Оған үш бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды.

    Сахнаға әйелдер арасында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарында оныншы орын алып, еліміздің намысын қорғаған София Самоделкина да шықты.

    Сондай-ақ Астанаға шаңғы акробатикасы мен және конькимен сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрама командаларының өкілдері де оралды.

    Естеріңізге сала кетейік, Шайдоровтың алтын медалі – ұлттық құраманың 2026 жылғы ойындардағы қоржынына түскен жалғыз жүлдесі. Бұл Қазақстан құрамасына жалпы есепте 19-орын алуға мүмкіндік берді. сондай-ақ ол – ел тарихындағы қысқы Олимпиада ойындарындағы екінші ең жоғары нәтиже.

    Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты астаналықтар әуежайда сән-салтанатпен қарсы алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.