jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанға оралған Олимпиада чемпионы Шайдоровқа қымбат сыйлық табысталды

    Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиаданың жабылу салтанатында
    Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиаданың жабылу салтанатында. Фото: Тұрар Қазанғапов/ҚР ҰОК

    Бүгін түнде Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды. Оны елорда әуежайында зор қошеметпен қарсы алды. Салтанатты рәсімде спортшыға пәтердің сертификаты табысталды, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Михаил Шайдоровты Астана әуежайында журналистер, Спорт министрлігінің, Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері және жанкүйерлер қарсы алған.

    Михаилдің өзі көпшіліктің алдына көк туды жамылып, тарихи алтын медалін тағып шыққан.

    Салтанатты шарада чемпионға үш бөлмелі пәтердің сертификаты табысталған.

    Сондай-ақ Qazsport арнасының Instagram-дағы парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Софья Самоделкинаға және спортшылардың жаттықтырушыларына да пәтердің сертификаты табысталған.

    Айта кетелік, Милан төрінде Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанды. Ол 32 жыл күткен алтын медальді қоржынға салып, халыққа үлкен қуаныш сыйлады.

    Президент спортшыны зор жетістігімен құттықтап, ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады.

    Қазақстанға оралған Олимпиада чемпионы Шайдоровқа қымбат сыйлық табысталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.