jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Илья Ильин кезекті мәрте жаңа қызметке тағайындалды

    илья ильин
    Фото: www.instagram.com

    Қазақстандық танымал спортшы Илья Ильин Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында еңбек етпекші. Ол дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ауыр атлет өзінің сүйінші жаңалығын Instagram желісіндегі ресми парақшасында бөлісті.

    "Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, әлемнің төрт дүркін чемпионы және Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша философия докторы (PHD) Ильин Илья Александрович ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалды", - делінген спортшы жариялаған жазбада.

    Спортшының жанкүйерлері оның өміріндегі өзгерістерге қуанып, сәттілік тіледі.

    Естеріңізге сала кетсек, осыдан екі ай бұрын Илья Ильин Қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының басшысы қызметіне келген болатын.

    Сондай-ақ, оның Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының бұйрығымен "Мұз айдыны" спорт кешенінің директоры болып тағайындалғанын да жазған едік.

    Сонымен қатар, ауыр атлеттің Қызылордада өзі оқыған университетте сабақ беретінін хабарлаған болатынбыз.

    Айта кетейік, Ильин Илья Александрович 17 жасында ең жас әлем чемпионы болып, есімі Гиннесстің рекордтар кітабына жазылған. Ол - Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері

    Илья Ильин кезекті мәрте жаңа қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.