jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық таэквондошылар Эстонияда өткен халықаралық турнирде үш медаль еншіледі

    Тхэквондошы
    Көрнекі фото: pexels.com

    Қазақстандық таэквондошылар Эстонияның Таллин қаласында өткен Tallin Open халықаралық турнирінде өз өнерін аяқтады деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайты.

    Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық спортшылар үш медаль жеңіп алды.

    Нұрлан Мырзабаев 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медальді жеңіп алды. Смайыл Дүйсебай (87 келіге дейін) пен Ерасыл Арапбай (68 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

    Оған қоса, Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан дзюдошылары ел қоржынына кезекті жүлде салды.

    Әйелдер арасында 70 келіден жоғары салмақта сынға түскен Зарина Байбатина Паралимпиаданың күміс медалін иеленді. Финалда ол әзірбайжандық Дурсадаф Каримовадан ұтылды. Токио татамиінде Зарина Моңғолия және Италия балуандарын жеңген болатын. Айта кетелік, бұл Заринаның алғашқы Паралимпиадасы. Зарина Паралимпиада ойындары тарихында дзюдодан үшінші жүлдеге қол жеткізді.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Теміржан Дәулет екінші күмісті ел қоржынына салған еді.

    Қазақстандық пара дзюдошы алғашқы айналымда әзірбайжандық Рамиль Гасимовты, ширек финалда Рио Паралимпиадасының қола жүлдегері германиялық Николай Корнхассты, жартылай финалда грузиялық Георгий Калданиді таза ұтты. Ал финалда Рио Паралимпиадасының қола жүлдегері өзбекстандық Феруз Саидовпен белдесіп, қарсыласына жол берді.

    Ал ең алғашқы күмісті 60 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Әнуар Сариев иеленген болатын.

    Қазақстандық таэквондошылар Эстонияда өткен халықаралық турнирде үш медаль еншіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.