Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Галышева Бейжің Олимпиадасының финалына шықты

Опубликовано:

Жарыс
Фото: Olympic.kz

Фристайл-могулдан ел намысын қорғап жатқан Юлия Галышева Бейжің Олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстан командасының көшбасшысы бірінші іріктеуге белгілі бір себептермен қатыспаған еді. Бүгін екінші іріктеуде ол тоғызыншы орынға ие болып, үздік жиырмалық бақ сынайтын финалға өтті.

Ал Анастасия Городко, Аяулым Әміренова мен Олеся Граур келесі кезеңге шыға алған жоқ.

Финалдық жарыстар Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да басталады.

Айта кетейік, финалдың өзі үш айналымнан тұрады. Алдымен жиырма могулшының он екісі келесі кезеңге шықса, одан кейін алтауы супер финалға жолдама алады.

Супер финалда алты спортшының үшеуінің жүлдегер атанатыны белгілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954805-galyseva-beizin-olimpiadasynyn-finalyna-syqty/