Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл адам сенгісіз нәрсе": Отандық спортшының әлем чемпионатындағы жеңісі көпшілікті таң қалдырды

Опубликовано:

Мария Бровкованың жеңісі көпшілікті таң қалдырды
Мария Бровкова: instagram/brovkovamasha

Байдарка мен каноэде ескек есуден жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Мария Бровкова бір алтын, бір қола медаль жеңіп алды. Осыған орай, танымал отандық спортшы арнайы жазба қалдырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетелік, Орал спортының түлегі Мария Бровкова тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол 1000 метрге каноэмен есуден жастар арасындағы әлем чемпионы атанды. Әзірге, қазақстандық қыздар мұндай нәтиже көрсетпеген.

Байдаркамен есуден Азия ойындарының жеңімпазы, қазақстандық Илья Голендов жас спортшының жеңісін жоғары бағалады.

"Әлем чемпионатының жеңімпазы әрі қола жүлдегері - Мария Бровкова. Сегед қаласындағы есу каналында сынға түсу үлкен бақыт. Ал бұл каналда жеңіске жету дегеніміз адам сенгісіз жайт! Шын жүректен құттықтай отырып, Марияға бұл жетістікпен тоқтап қалмауды тілеймін. Алда жарысқа толы үлкен спорттық өмір күтіп тұр. Әрбір жарыс біздің командамызға тек қуаныш сыйласын! Алға, Қазақстан!", - деп жазды Голендов.

Еске сала кетейік, Мария Бровкова әлем чемпионатында 1500 метрге есуден қола жүлде жеңіп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1986346-bul-adam-sengisiz-narse-otandyq-sportsynyn-alem-cempionatyndagy-zenisi-kopsilikti-tan-qaldyrdy/

pixel