jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Australian Open-2023 турнирінің финалына шыққан Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі орны өзгере ме

    Рыбакина
    Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Australian Open-2023 турнирінің финалына шыққан Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі орны өзгеретін болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингті алдағы дүйсенбі, 30 қаңтарда жаңартпақ.

    Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Аустралия ашық біріншілігінің финалына шыққаннан кейін Елена Рыбакина қазіргі уақытта 25-тен бірден 10-орынға көтерілді, деп жазады ҚазАқпарат.

    Бұл отандық теннисші үшін рекордтық көрсеткіш болмақ. Оның бұдан бұрынғы үздік нәтижесі 12-саты еді.

    Еске сала кетейік, Australian Open-2023 турнирінің финалында қазақстандық теннисші Беларусь елінің өкілі Арина Соболенкоға қарсы шығады.

    Australian Open-2023 турнирінің финалына шыққан Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі орны өзгере ме

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.