jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанның екінші ракеткасы Чилидегі турнирдің финалында жеңіліп қалды

    теннис
    Тимофей Скатов кортта. Фото: instagram.com/skatov_timofey

    Қазақстанның екінші, әлемнің 144-ракеткасы Тимофей Скатов Чилидің Консепсьон қаласында өткен ATP Challenger Tour турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Қазақстандық теннисші ақтық мәреде аталған турнирдің бірінші ракеткасы аргентиналық Федерико Кориамен шеберлік байқасты.

    Екі сағатқа жуық созылған матчта Тимофей Скатов 6:4, 6:3 есебімен қарсыласына есе жіберді.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина өз мансабында екінші рет "Үлкен дулыға" турнирінің финалына шығып, қазақстандық теннис тарихында болмаған жағдайды тіркеген еді.

    Australian Open - 2023 турнирінің финалында Рыбакина белоруссиялық Арина Соболенкоға үш сет қорытындысы бойынша есе жіберді.

    Қазақстанның екінші ракеткасы Чилидегі турнирдің финалында жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.