jitsu gif
Спорт

    Елена Рыбакина Australian Open-2023 турнирінде рекорд орнатты

    Рыбакина
    Рыбакина корттта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық біріншілігінде эйс жасаудан рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, отандық теннисші жеті ойында 54 эйс жасаған.

    Елена Рыбакинаның Australian Open-2023 турнирінің финалындағы қарсыласы Беларусь өкілі Арина Соболенко 46 эйспен көзге түскен.

    Ал чехиялық Каролина Плишкова 31 эйспен үздік үштікті қорытындылады.

    Франциялық Каролин Гарсия (25), хорватиялық Донна Векич (24) төртінші және бесінші орынды бөлісті.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина Халықаралық әйелдер теннис қауымдастығының жаңартылған рейтингінде үздік ондықтың қатарынан көрінген еді.

    Елена Рыбакина Australian Open-2023 турнирінде рекорд орнатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.