jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Эквадор құрамасының үздік сұрмергені Түркияға жылы киімдер мен үрмелі матрас салып жіберген

    Эннер Валенсия
    Эннер Валенсия. Фото: twitter/FIFAWorldCup

    Эквадор құрамасының үздік сұрмергені Эннер Валенсия Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендерге көмек қолын созды. Бұл туралы Матч ТВ арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Фенербахче" клубында өнер көрсететін ол супермаркеттердің бірінен үрмелі матрастар мен жылы киімдер алып, Түркияға жөнелткен.

    33 жастағы футболшы Катардағы әлем чемпионатында да мергендігімен көзге түскен болатын.

    Айта кетелік, дүйсенбі күні Түркияда 7,7 және 7,6 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша 8,5 мың адам көз жұмған.

    Бұған дейін Криштиану Роналду өзінің қолтаңбасы қойылған жейдесін түркиялық футболшылар арқылы аукционға шығарған болатын. Жиналған қаражат зілзаладан зардап шеккендерге жіберіледі.

    Эквадор құрамасының үздік сұрмергені Түркияға жылы киімдер мен үрмелі матрас салып жіберген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.