jitsu gif

    "Бұл - ақымақ спорт": Атышулы қазақстандық теннисшінің басы тағы да дауға қалды (видео)

    Александр Бублик
    Александр Бублик кортта. Фото: Андрей Ударцев/ktf.kz

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Роттердамда өтіп жатқан турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалды. Матч барысында ол тағы да өзінің өкпесін жеткізген, деп жазады sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Роттердамдағы турнирде Бублик "Үлкен Дулыға" турнирлерінің үш дүркін жеңімпазы, әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы Стэн Вавринкамен кездескен болатын. Матч қорытындысы бойынша ол 6:7, 4:6 есебімен жеңілген.

    Ол екінші сетте 3:4 есебімен ұтылып жатып, төрешіге шағым айтқан.

    "Мен мұның соншалықты ақымақ спорт екеніне шағымданып отырмын. Өйткені бұл расында ақымақ спорт. Теннис ойнау - бұл нағыз бас ауруы", - деді Бублик.

    Бүгінде әлемдік БАҚ беттерінде Бубликтің сөздері жарияланып жатыр.

    Айта кетелік, осыдан аз уақыт бұрын Бублик Монпельедегі турнирде жеңіліс тауып, өзінің үш ракеткасын сындырып тастаған болатын.

    Александр Бублик қазір өз мансабындағы қиын кезеңдерді бастан кешіруде. Теннисші қатарынан он ойында жеңіліп қалды.

    "Бұл - ақымақ спорт": Атышулы қазақстандық теннисшінің басы тағы да дауға қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.