jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина АҚШ-тағы беделді турнирдің финалында кіммен ойнайды

    Теннисистка Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

    Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакинаның АҚШ-тағы беделді турнирдің финалында кіммен ойнайтыны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Түнде Майами WTA 1000 турнирінің финалына шыққан екінші теннисші анықталды.

    Енді отандық теннисші жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасының ақтық мәресінде бас жүлде үшін әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитовамен ойнайтын болды.

    Финал бүгін, 1 сәуірде Астана уақытымен 23.00-де басталмақ.

    Айта кетейік, Майами WTA 1000 турнирінің жартылай финалында Елена Рыбакина Джессика Пегуладан басым түсті.

    Осылайша, отандық теннисші беделді жарыстың ақтық мәресіне шыққаны үшін 662 360 доллар мен 650 рейтингтік ұпайға ие болды

    Елена Рыбакина АҚШ-тағы беделді турнирдің финалында кіммен ойнайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.