jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Рейтинг жаңарды: Рыбакина жетінші орыннан көтерілді ме

    Рыбакина
    Рыбакина. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Халықаралық әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингті жаңартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Рейтингті польшалық Ига Швентек бастап тұр.

    Екінші сатыда Australian Open-2023 турнирінің жеңімпазы - Арина Соболенко.

    Үздік үштікті Майами WTA 1000 турнирінің жартылай финалында Елена Рыбакинаға есе жіберген АҚШ өкілі Джессика Пегула қорытындылады.

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңартылған рейтингте жетінші орнын сақтап қалды. Оның еншісінде 4305 ұпай бар.

    Ал алтыншы сатыдағы америкалық Коко Гауфф 4346 балл жинаған.

    Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева әлемдік рейтингте 47-ден 45-ке көтерілді.

    Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 26-орнын сақтап қалса, Жанель Рүстемова 972-сатыға шықты.

    WTA рейтингісі. 10 сәуірдегі нәтиже мынадай:

    7 (0). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 4305,

    45 (+2). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1235,

    427 (+14). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 112,

    463(-10). Гөзал Айнитдинова (Қазақстан) – 96,

    1111 (+24). Аружан Сағындықова (Қазақстан) – 10.

    Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы наурыз айында екі финалда өнер көрсетті. Алдымен ол Индиан-Уэлссте жеңімпаз атанса, кейінірек Майамидегі турнирдің ақтық мәресінде чехиялық Петра Квитоваға есе жіберді.

    Рейтинг жаңарды: Рыбакина жетінші орыннан көтерілді ме

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.