jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Рыбакина ойын кезінде жарақат алып, Германиядағы турнирден шығып қалды

    теннис
    Елена Рыбакина дайындық кезінде. Фото: Қазақстанның теннис федерацияссы

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің келесі кезеңіне шыға алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жүлде қоры 780 мың еуродан асатын турнирдің екінші айналымында отандық теннисші әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасты.

    Алғашқы сетте Рыбакина қарсыласына 1:6 есебімен жол берді. Ал екінші партияда қазақстандық теннисші жарақат алып, жарысты жалғастырудан бас тартты.

    Осылайша, Елена Рыбакина беделді турнирдің ширек финалынан тыс қалды.

    Айта кетейік, Елена Рыбакина Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің алғашқы айналымында Германия өкілі Юле Нимайерден айласын асырған еді.

    Рыбакина ойын кезінде жарақат алып, Германиядағы турнирден шығып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.