jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Іnstagram.com/lenarybakina

    Елена Рыбакина Римдегі Masters турнирінде жеңіске жеткен соң WTA әлемдік рейтингінде екі саты жоғарылап, 4-орынға көтерілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандық теннисшінің еншісінде 5090 ұпай бар. Ол үшінші орындағы америкалық Джессика Пегуладан небары 115 ұпайға қалып тұр.

    Әлемдік рейтингтің көш басында польшалық Ига Швентек (8940) орналасқан. Екінші сатыға Беларусь өкілі Арина Соболенко (7541), үшінші орынға америкалық Джессика Пегула (5205) жайғасты.

    Айта кетелік, Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында өткен WTA 1000 турнирі санатындағы Masters додасында жеңіске жетті.

    Финалда ол украиналық Ангелина Калининадан басым түсті. Сондай-ақ турнир аясында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек пен "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы Елена Остапенконы да ұтқан.

    Бұл Рыбакинаның биылғы маусымдағы екінші ірі жеңісі. Бұған дейін ол Индиан-Уэллстегі турнирде топ жарып, Australian Open турнирінің финалында сүрінген болатын.

    Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.