jitsu gif
Спорт

    Рыбакина тағы бір чехиялық теннисшіні ұтып, Ролан Гаррос турнирінің келесі кезеңіне шықты

    Рыбакина
    Елена Рыбакина кортта. Фото: Glyn Kirk/AFP via Getty Images

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Отандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 50 орында тұрған, Чехия өкілі Линда Носковамен шеберлік байқасты.

    Тартысты өткен матчта 6:3, 6:3 есебімен Қазақстанның бірінші ракеткасы жеңіске жетті.

    Ойын 1 сағат 28 минутқа жалғасты.

    Осылайша, Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына жолдама алды.

    Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған чехиялық Бренда Фрухвиртовамен кездесіп, жеңіске жеткен еді.

    Рыбакина тағы бір чехиялық теннисшіні ұтып, Ролан Гаррос турнирінің келесі кезеңіне шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.