Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бокспен айналысып көрермін": Ролан Гаррос турнирінің келесі айналымына шыққан Рыбакина мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Елена Рыбакин кезекті матчын өткізіп жатыр
Елена Рыбакина кортта. Фото: Frank Molter/picture alliance via Getty Images

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турниріндегі екінші жеңісінен кейін пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Отандық теннисші алдымен екінші айналымдағы қарсыласы, чехиялық Линда Носкова туралы айтты.

"Оның ойынын өткен жылы көргенмін, хард төсенішінде тым тәуір табыстарға қол жеткізді. Біз бұған дейін еш уақытта бірге жаттыққан емеспіз, жолымыз да түйісіп көрмепті. Бүгін де ол жақсы ойнады, әсіресе, доп бергенде жылдамдық танытты. Мен өзім доп бергеніме онша риза болған жоқпын. Дегенмен жеңгеніме қуаныштымын", - деді Елена Рыбакина.

Сонымен қатар ол бокс пен теннисті жақындастыратын ұқсастықтар бар ма, деген сауалға жауап берді.

"Геннадий Головкинді білемін. Онымен ешқашан кездескен емеспін, дегенмен тамаша спортшы. Бокспен шұғылданып көрмеппін. Бәлкім, жаттығып көру пайдалы болар. Ол да - жылдам қимылды қажет ететін спорт түрі. Теннисте де бокс сияқты өте тез қозғалып, жылдам ойлау керек. Бәлкім, бокспен де айналысып көрермін", деп күлді Рыбакина.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шыққанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2023018-bokspen-ainalysyp-korermin-rolan-garros-turnirinin-kelesi-ainalymyna-syqqan-rybakina-malimdeme-zasady/

pixel